Ломтадзе Kaspi.kz акциялары арқасында миллиардер атанды

Сондай-ақ!

«Тәуелсіздік күніне награда алып беремін». Меруерт Түсіпбаева өзін түн ішінде мазалаған ер адамға реніш білдірді

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева атақ-даңққа кенде емес. Ол – Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Бұдан өзге де...

Sulpak маңындағы ағаштарды заңсыз кескен адам анықталды

Алматыдағы Sulpak дүкенінің алдындағы ағаштарды кескен негізгі күдіктінің кім екені анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда аталған қылмысқа...

23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те Баймұханов көшесінде орналасқан «Магнит» сауда үйі маңында Hyundai маркалы автокөлік тоқтатылды. Аталған...

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді. «ҚР Сыбайлас...

Бүгінгі Kaspi.kz-тегі техникалық ақау жиған-тергенін Kaspi Bank-ке сеніп тапсырған қазақстандықтардың барлығын алаңдатып қойғаны рас. Көп ұзамай Грузиядан аталмыш банкке қатысты тағы  бір күтпеген жаңалық жетті. 

Лондон биржасына қазақстандық Kaspi Bank-ке тиесілі Kaspi.kz компаниясының акциялары шығарылғаннан кейін грузиялық қаржыгер Михаил Ломтадзе долларлық миллиардер атанды, деп хабарлайды Новости-Грузия.

Forbes-тың хабарлауынша, компания акциялары бастапқыда 38 доллардан сатылып, кейіннен 46,9 долларға көтерілген. Барлығы 4,4 миллион акция сатылған.

«Kaspi.kz тәулігіне орта есеппен 3,8 миллион акциясын сататын ресейлік «Яндекстен» де асып түсті. Бұл үлкендігі жөнінен 2020 жылғы екінші IPO және жалпы Еуропа бойынша төртінші IPO», – деп жазады басылым.

Бұл жетістіктен кейін Kaspi.kz Қазақстандағы ең қымбат бұқаралық компанияға айналды, ал компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе әлемдік миллиардерлердің элиталық клубына енді.

Кимге компания акцияларының 32 пайызы тиесілі болса, Ломтадзе 26 пайызына иелік ететін. Демек, Bloomberg-тің миллиардерлер индексі бойынша IPO 33,75 доллар тұратын болса, олардың дәулеті 1,9 және 1,8 миллиард долларға жетті.

«Қазақстан экономикасы мұнай бағасының құлдырауы мен коронавирустың таралуына байланысты енгізілген локдауннан зардап шеккеніне қарамастан, 2020 жылдың бірінші жартысында Kaspi-дің таза табысы 50 пайызға артты. Ал банктің мобильді қосымшасын пайдаланушылар қатары өткен жылы 72 пайызға өсті. Айына 7,8 миллионға жуық қолданушы есепшоттарды төлеп, несие рәсімдеп, жеке қаржысын басқару құралдарын пайдалана алады», – деп жазады Bloomberg.

Михаил Ломтадзе – Батуми тумасы. 1997 жылы Тбилиси Еуропалық басқару мектебін бітірген, 2002 жылы Гарвард Бизнес мектебінде магистр дәрежесін алған.

Студент кезінде Тбилисиде Georgia Consulting Group Audit аудиторлық және консалтингтік компаниясының негізін қалаған. 2002 жылы бұл компанияны жаһандық Ernst&Young желісі сатып алды.

2007 жылдан бері Ломтадзе «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы.

2017 жылы ол грузиялық төлқұжатын  Қазақстан төлқұжатына ауыстыруға ниетті емес екенін мәлімдеген еді.

2020 жылдың маусымында Михаил Ломтадзе ҚР Президентінің жарлығымен пандемиямен күреске қосқан үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Диего Марадона қайтыс болды

Футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды РИА...

Грек-рим күресінен Қазақстан үздіктері анықталды

Кеше Алматыда грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының алғашқы финалдық бәсекесі аяқталды. Olympic.kz оқырман назарына...
награда

«Тәуелсіздік күніне награда алып беремін». Меруерт Түсіпбаева өзін түн ішінде мазалаған ер адамға реніш...

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева атақ-даңққа кенде емес. Ол – Қазақстан Жастар одағы...
ағаштарды заңсыз кескен

Sulpak маңындағы ағаштарды заңсыз кескен адам анықталды

Алматыдағы Sulpak дүкенінің алдындағы ағаштарды кескен негізгі күдіктінің кім екені анықталды деп...
мас күйінде көлік жүргізген

23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...