Ресей мен Қытай АҚШ-тың әскери қуатына қызғанышпен қарайды – Трамп

Ресей мен Қытай АҚШ-тың әскери қуатына қызғанышпен қарайды – Трамп

Ресей мен Қытай АҚШ-тың әскери қуатына қызғанышпен қарайды – Трамп
ашық дереккөзі
Ресей мен Қытай АҚШ-тың әскери қуатына қызғанышпен қарайды. Висконсин штатында сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ақ үй басшысы Дональд Трамп осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Life.ru
— Біздің қарулы күштеріміздің әлемде теңдесі жоқ. Ресей мен Қытай бізге қызғана қарайды. Біздің мұндай дәрежеге жете алатынымызды ешкім білген де жоқ, бірақ мұның бәрі АҚШ-та жасалған, - деді АҚШ президенті.
Трамптың сөзінше, АҚШ-тың ядролық қаруы "өз бабында". Десе де, Ақ үй басшысы оны қолдану қажеттілігі тумайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Дональд Трамп мемлекет басшысы болып қайта сайланған жағдайда АҚШ-ты әлемдегі ең басты тауар өндірушіге айналдырып, ҚХР-ға тәуелділіктен арылтуға уәде берді.