Жаңалықтар

Ресейде жалпыға міндетті маскалық режим енгізілді

ашық дереккөзі

Ресейде жалпыға міндетті маскалық режим енгізілді

Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты жалпыға міндетті маскалық режим енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.  Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындар қоғамдық көлікте, таксиде, жеделсатыда, көлік тұрақтарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын өзге де орындарда бетперде тағуға міндетті. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді. Аймақтарда талаптың орындалуын губернаторлар қадағалайтын болады. Оларға өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау және қажет болған жағдайда қосымша шектеу шараларын енгізу тапсырылды. Кафелер мен мейрамханалардың жұмысына да шектеулер қойылуы мүмкін. Бұған дейін Роспотребнадзор қоғамдық тамақтану орындары мен көңіл көтеру орындарының жұмыс уақытын қысқартуға кеңес берген болатын. Алғашқылардың бірі болып бұл кеңеске Санкт-Петербург басшылығы құлақ асты. Қаладағы мейрамханалар 23:00-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Ал Мәскеу билігі қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын шектеуден бас тартты. Айта кетейік, пандемия басталғалы Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асып жығылды. Індеттен 26,5 мыңнан астам адам көз жұмды.