«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті
«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Сондай-ақ, алқалы жиында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, эконмика ғылымдарының кандидаты, «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы» Қайрат Бодаухан қазіргі қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында Солтүстік өңірлердегі қандастарға қатысты ұзақ мерзімді тұрақты көші-қон саясатын жандандыру мүмкіндіктері жайлы нақты мәселелерге тоқталып өтті.