Ұлт қайраткерлерінің есімін даттамайық...

Ұлт қайраткерлерінің есімін даттамайық...

Ұлт қайраткерлерінің есімін даттамайық...
ашық дереккөзі
"Егемен Қазақстан" газетінде "Тақтадағы қара таңба қашанғы тұрмақ" (11.08.2016, №153) атты мақала жарияланды. Мұнда көтерілген мәселені айналып өту мүмкін емес. Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерелістің 100 жылдығы, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды. Бұл мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпекші, осындай айтулы даталарда тарихымызды түгендеп, батырларымыз мен ұлты қайраткерлеріміздің есімін ардақтайын уақыт жетті. Кеңестер кезінде Амангелді Имановқа орнатылған тақтайшада оның алашордашылар қолынан өлтірілгені жазылған. Мұның  тарихи шындыққа жанаспайтыны баршаға аян. "Қостанай қаласының орта­лығында 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісінің батыры Аман­гелді Иманов пен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Қостанай уез­дік кеңесінің алғашқы төрағасы Лаврен­тий Таранның өз аттарындағы қатар түс­кен көшелерде олардың ескерткіш-бюс­тері орналасқан, ескерткіш тақталар ілін­ген. Батырға Кеңес Одағы кезінде ілін­ген сол тақтада тек орыс тілінде: «Аман­гель­ды Иманов 1873-1919 гг. Леген­­дар­ный герой казахского народа. Один из руко­во­ди­телей национально-осво­бо­ди­тель­ного восстания 1916 года в Казах­стане. Ак­тив­ный борец за установление Со­вет­ской власти в Тургайском уезде. Звер­ский убит алашординцами 19 мая 1919 года» деп жазыл­ған. Биыл өңірде ұлт-азаттық көте­рі­л­ісінің 100 жылдығы мен облыстың құ­рыл­­ғанына 80 жыл толуына да қызу дайын­­дық жүріп жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығы тағы бар. Ал Амангелді батыр­ды «алаш­ордашылардың айуандықпен өлтіргені» жа­зылған ескерткіш тақта 25 жыл бойы тапжылмай ілулі тұр. Тәуел­сіз­дік жолында басын бәйгеге тіккен Алаш арыс­тарының «халық жауы» атанып, сүттің қаймағындай сыпырылып тастал­ғаны былай тұрсын, сол ардақтылар ағаш атқа мінгізілген қызыл саясат жылдары ілінген осы тақтаны ширек ғасыр бойы облыстағы идеология божысын ұста­ған басшылар да, мәдениет саласын бас­қар­ған көк аттылар да байқамады, көзі көр­генмен, көңіліне ілген жоқ. Оған азамат­тық қоғамнан қозғау салғандар да бой көрсете қоймады. Біртуар қайраткерге арнал­ған ғылы­ми-практикалық кон­ференцияға қатысу­шылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғима­рат­тар­дың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкей­хановтың өңірдің алғашқы басшысы болғаны ойып жазылған ескерткіш тақта ілінсе несі айып? Тасқа қашалған сөз­дің тастай салмағы, оған жұрттың да иман­дай сенімі болады. Оның тәрбиелік, таным­дық, патриот­тық мәні тереңдей түсер еді. Алайда, «Алдымен барды бағалай алдық па?» деген қисық сұрақ көлденеңдейді.