COVID-19: Словакия тұрғындары жаппай тестілеуден өтеді

COVID-19: Словакия тұрғындары жаппай тестілеуден өтеді

COVID-19: Словакия тұрғындары жаппай тестілеуден өтеді
ашық дереккөзі
Алдағы демалыс күндері Словакияда  коронавирусқа  жалпыұлттық тестілеу өтеді.10 жастан асқан ел тұрғындарының барлығы сынама тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Aktuality. «Пилоттық жобаны жүзеге асырып болғандықтан, біз енді кешенді тестілеуге көшеміз. Шара 31 қазан мен 1 қараша күндері өтеді», – деді елдің премьер-министрі Игорь Матович. Үкімет басшысының сөзінше, тестілеу нәтижесінде індет жұқтырғаны анықталған тұрғындар өзін-өзі оқшаулап, өзгелерге қауіп төндірмеуі тиіс. Өткен тәулікте Солвакияда 901 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 46 мыңнан асты. Індеттен 176 науқас қайтыс болды. Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ Еуропа елдерін індетпен күресті күшейтуге шақырған еді. Ұйымның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының басшысы Майк Райанның пікірінше, Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде. Салдарынан құрлық індет ошағына айналып барады.