Жаңалықтар

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

ашық дереккөзі

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Назарбаев университеті ұсынған «Абай Құнанбайұлы» грантын иеленген қандастармен кездесу өтті. Биылдан бастап Назарбаев Университеті шетелдік талапкерлерге арнайы «Абай Құнанбайұлы» грантын тағайындаған болатын. 2020 жылғы алғашқы конкурсқа 56 қандасымыз қатысып,  оның тек 13-і ғана «Абай Құнанбайұлы» грантын иленген. Олар АҚШ, Канада, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия қазақ жастары. Грант – іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясы шығарған шешіміне қарай беріледі. Грант иегерлері оқу төлемі, медициналық сақтандыру мен айлық шәкіртақыға ие болады. Сонымен қатар «Абай Құнанбайұлы» грантымен магистратураға тапсыруға да болады. Алғашқы дайындық жылына (NUZYP) ұлты басқа шетелдік талапкерлер де  қатыса алады.

Дайындаған Бақыт БЕКОВ