«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

Сондай-ақ!

Америкалық дипломаттар бауырсақ пісіріп, алғыс айту күнін атап өтті

Америкалық дипломаттар қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады мерекені бауырсақ және Алматы апортымен атап өтті.  Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері қазақ тілінде құттықтап, бейнежазба түсірген. Бейнеқұттықтау @usinkz...

Ислам Жеменей: Елбасы өтінішімізді екі етпей қабыл алды

Ислам ЖЕМЕНЕЙ, Шығыстанушы ғалым, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының  докторы, профессор: – 1991 жылғы 18 қарашада «Басқа республикалардан жəне шетелдерден Қазақстанның...

Зиябек Қабылдинов: Елбасыға хат жазғаным бар

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор: – 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін Тұңғыш...

Тұрсынхан Зәкенұлы: Көңілге медеу, көшке демеу болған – Тұңғыш Президент

Тұрсынхан ЗӘКЕНҰЛЫ, жазушы, тарихшы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры: – Қазақстанның Тәуелсіздік алуы – бұл дүниежүзіндегі қазақтардың арманы еді. Осы арманымыз 1991 жылы...

Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Назарбаев университеті ұсынған «Абай Құнанбайұлы» грантын иеленген қандастармен кездесу өтті.

Биылдан бастап Назарбаев Университеті шетелдік талапкерлерге арнайы «Абай Құнанбайұлы» грантын тағайындаған болатын. 2020 жылғы алғашқы конкурсқа 56 қандасымыз қатысып,  оның тек 13-і ғана «Абай Құнанбайұлы» грантын иленген. Олар АҚШ, Канада, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия қазақ жастары. Грант – іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясы шығарған шешіміне қарай беріледі. Грант иегерлері оқу төлемі, медициналық сақтандыру мен айлық шәкіртақыға ие болады. Сонымен қатар «Абай Құнанбайұлы» грантымен магистратураға тапсыруға да болады. Алғашқы дайындық жылына (NUZYP) ұлты басқа шетелдік талапкерлер де  қатыса алады.

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

Шараға Назарбаев Университетi Кабылдау департаментiнiң аға менеджерi Лаура Палуанова, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрайымы Қарлығаш Қожамұратова, «Отандастар қорының» жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қорының» Білім бағытының жауапты қызметкері, Білім және ғылым министрлігінің Республикалық білім гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссияның мү­шесі Нұрымжан Жұмағазиев  және «Абай Құнанбайұлы» грантының иегерлері қатысып, қандастарға арналған білім грантын қалай игеруге болатыны жайлы кеңінен талқыланды. Осыған орай «Абай Құнанбайұлы» грантының иегерлері Назарбаев Университетінің жаңа мүмкіндіктері мен артықшылақтары жайлы айтты.

Динара ЕРКІНҚЫЗЫ, Назарбаев Университетінің магистранты /Нұр-Сұлтан/:

– Мен Қытай елінің Тарбағатай аймағында дүниеге келдім. Оқуды сол жақта бітірдім. Химия саласы бойынша бакалавр және магистратураны бітірдім. Биыл Назарбаев Университетіне шет тілдері мамандығы бойынша «Абай Құнанбайұлы» грантымен оқып жатырмын. Бұл грант қандастар үшін үлкен мүмкіндік. Грант – шетелдіктер мен этникалық қазақтарға арналған. Онда жеңілдіктер көп. Әсіресе, IELTS  сертификаты бойынша 5.5 балмен түсуге болады.

 Баян СӘЙЛИКЕ, Назарбаев Университетінің магистранты /Үрімжі/:

– Мен Қытай елінің Үрімжі қаласында тұрамын. Назарбаев Университетінде филология мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын. Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты онлайн оқудамыз. Бізде WhatsApp, Instagram арқылы байланыс жасау қиын. Мына індет тез басылып, карантин ашылса екен деп тілеп жүрмін. Қазақстанды, өзім оқып жатқан  Назарбаев Университетін тезірек көргім келеді. Менің бұл «Абай Құнанбайұлы» грантымен оқуға түскенімді айналамдағылар естіп таңғалды. Менен сұрайтындар көп, қалай түсуге болады деп.

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

Дайындаған Бақыт БЕКОВ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтіле ме ‒ министр жауап берді

Елімізде желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бұл...

Трамп Ақ үйді босатуының шартын айтты

АҚШ президенті Дональ Трамп Сайлаушылар алқасы Джозеф Байденді қолдаған жағдайда Ақ үйді...

Алматының қақ ортасында мәйіт табылды

Алматыда көшеде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politic. Бейнежазба алғашында әлеуметтік желілерде...

«Бұл қай дәу?». Sulpak-тың қожайыны Сұлтанғазин жайлы не білеміз?

23 қарашада Алматыдағы Sulpak сауда үйінің жанында жайқалып тұрған 9 емен мен...

Адам шығыны бар – коронавирустан емдейтін аурухана өртенді

Үндістандағы Гуджарат штатына қарасты Раджкот қаласында орналасқан ауруханадан өрт шықты.  Қысқа тұйықталу салдарынан...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...