«Бораттағы» нұсқаға қарама-қайшы, намысшыл қоғам» – Саша Барон Коэн Қазақстан туралы

«Бораттағы» нұсқаға қарама-қайшы, намысшыл қоғам» – Саша Барон Коэн Қазақстан туралы

«Бораттағы» нұсқаға қарама-қайшы, намысшыл қоғам» – Саша Барон Коэн Қазақстан туралы
ашық дереккөзі
Ағылшын режиссері, кинопродюсер әрі актер Саша Барон Коэн «Борат» және «Борат-2» фильмдерінің бас кейіпкерін не себепті Қазақстан азаматы ретінде көрсеткенін түсіндірді.  The New York Times басылымында режиссердің редакцияға жіберген хаты жарияланды. "Бұл фильмдегі Қазақстанның шынайы Қазақстанға еш қатысы жоқ. Менің Қазақстанды таңдауымның басты себебі -  АҚШ-та бұл елді көп адам біле бермейді. Осылайша жабайы, комедиялық, жалған әлемді түсірдім. Шынайы Қазақстан - керемет мемлекет. Ол фильмдегі нұсқаға қарама-қайшы, заманауи, намысшыл қоғам", - делінген Коэнның хатында. Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтінішіне түсініктеме берген еді. "Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді", - делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Бораттың рөлін сомдайтын Саша Барон Коэнды жексұрын деп атап, жасаған образы түк күлкілі емес екенін айтқан болатын.