Жаңалықтар

Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде — ДДСҰ

ашық дереккөзі

Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде — ДДСҰ

Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде, құрлық індет ошағына айналып барады. Бұл туралы ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының басшысы Майк Райан мәлімдеді, деп хабарлайды Raidió Teilifís Éireann.  Халықаралық ұйым өкілінің пікірінше, "Еуропа вирусты жеңгісі келсе, көбірек күш жұмсап, кешенді шаралар қабылдауы тиіс". Райан құрлық елдерін карантиндік шектеулер беретін мүмкіндіктерді оңды-солды пайдаланбай, ережелерді мұқият орындайтын тұрғындарға қолдау көрсетуге шақырды. Қазан айында еуроаймақтағы іскерлік белсенділік индексі (PMI) төрт айлық минимумға дейін құлдырағаны хабарланған еді. Еуропадағы шағын және орта бизнес компанияларының жартысынан көбіне келер жылы банкротқа ұшырау қаупі төніп тұр. Пандемия құрлық өндірушілеріне үлкен соққы болды, олардың 70 пайызы табысының азайып кеткенін айтты.