АTAJURT айдары қандастарға не берді? (видео)
АTAJURT айдары қандастарға не берді? (видео)
Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралыпты. Олар қоғамның әр саласында өздерінің білім-білігі мен жиған тәжірибесінің негізінде еңбек етіп жатыр. Тарихи отанына оралған қандастардың қоғамдық ортаға бейімделіп кетуі үшін біраз уақыт керек. Сонымен қатар құжаттандыру мен қоныстану барысында жолығатын әкімшілік кедергілер де жоқ емес. Túrkystan халықаралық газеті елге оралған қандастардың жағдайын жан-жақты саралап жазып тұру мақсатында АTAJURT жобасын қолға алған болатын. Газетте АTAJURT бетінің шыға бастағанына 1 жылдай уақыт болды.
Кәрібай МҰСЫРМАН, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» пракциясының мүшесі:
– Қилы заманда бас сауғалап, дүниежүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алысымен, атажұртқа оралуға шақырып, ұлы көштің жолын ашып берген болатын. Содан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ атамекенге оралып, халқымыздың қатарын көбейтті. Ұлтымыздың экономикалық және мәдени рухани әлеуметін арттырды.
Жоба барысында қандастар өмірінде кездесетін кедергілер мен қатар олардың әр саладағы жетістіктері де назардан тыс қалмады. Елге келген қандастардың тарихи отанына орнығып кетуі жолында кешенді жұмыс атқару біздің еліміздің басты бағыттарының бірі.
Қуат ӘУЕСБАЙ, халықаралық Túrkystan газетінің бас редакторы
– Халықаралық Túrkystan газеті «ә» дегеннен елмен ете жақын болып, дүниенің бетінде қандай иігілік көрінсе, Қазақстанға болсын, қазаққа болсын ой ниеттегі басым.Túrkystan газеті жыл басынан бері АTAJURT атты ауқымды жобаны бастаған болатын. Онда қандастармызға арналған, олардың тыныс-тіршілігіне қатысты, олардың проблемасына қатысты түрлі мәселелер қозғалып, әлеуметтік желіде талқыланып, тілшілерліміз тек қана мақала жазып қоймай, видеорепортажбен тұздықтап, құзырлы мекемлерге хат жазып, үлкен жүкті алып жүр деуге болады.
Мағауия САРБАСОВ, «Отандастар қоры» КеАҚ-ның вице-президенті:
– 2020 жылдан бастап Túrkystan халықаралық газеті арнайы қандастарға арналған АTAJURT жобасын іске асырып жатыр. Бұл жобас аясында өңірлерге барып, сонда тұрып жатқан ағайынмен кездесіп, олардың көкейінде жүрген ұсыныстарын, пікірлерін алып, тұрмыс жағдайын біліп, олардың мәселелерін шеуге тырысып жатыр. Ол деген үлкен көмек деп есептеймін. Оған қоса қандастарымыз арасында небір жетістіктерге жеткен, немес үлкен-үлкен компанияларда жұмыс бауырларымыз туралы да репортаж сюжеттер беріп жатыр.
Газет тілшілері АTAJURT жобасымен қандастар көп шоғырланған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына арнайы іссапармен барып, олардың өміріндегі өзекті мәселерді көтерді. Басқа елден алғаш келген ағайын Қазақстандағы қоғамдық өмірге сіңісе алмай тосырқап қалуы, құжаттандыру мәселесі, жеке кәсіппен айналысқысы келетіндерге кез болатын кеңселік кедергілер де айтудай-ақ айтылды. Мәселен мал шаруашлығымен айналысқысы келетін қандастарға ыңғайлы жер тапшылығы байқалады.
Қайрат БОДАУХАН, «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бизнес салсы болсын, экономика салсы болсын, білім-ғылым, денсаулық салсы бослын барлық салада жүріп жатқан азаматтар біздің мысалы осы Сарыарқа ауданы Нұрбесік ауылында тұрып жатыр. Сол Нұрбесік ауылындағы азамататрдың құжаттану мәселесі, жер құжаттарын алуға байланысты мәселесін алғаш болып көтерген осы Түркістан газеті. Оның белгілі дәрежеде әсері барын айта аламын. Өйткені осы мәселеден кейін, көтеріліп қозғалып, көтерілгеннен кейін қаланың әкімі тікелей ауылға келді. Халықпен жүздесті. Қордаланған мәселелерді шешуге атсалысам деді. Және осының әсерінен қазір Нұрбесікте жол салынды. Газ жүйесі тарлтылып жатыр. Көшедегі жарық жүйесі шешілді. Су тартылуға ықпал етіліп жатыр. Мәселенің бір жағын қозғау арқылы екінші бір қордаланған мәселенің шешілуіне ықпалын тигізді деп есептеймін. Газетің бұл АTAJURT қосымшасы осындағы қазақтың ғана емес жалпы ортақ мәселесіне айналған түйткілді мәселелерді тұрақты қозғап келе жатыр. Мен жаңа ғана айттым ғой, көп газетте бір мәселені бір рет ғана атады болды қалады. Ал бұл газет өзінің арнайы айдар арқылы сол мәселені жан-жақты зерттеп отырады. Жан жақты талқылып отырады.
Біз көтерген мәселелердің де бір шамасы оң шешімін тапты. Атап айтқанда Қытай елінен келіп, «оралман куәлігімен» қарапайым жұмыс істеп жүрген қандасымыз Айқын Белиянхан жалақысын ала алмай жүргені жанымызға батқан еді. Бұл мәселенің тез арада шешілуіне газеттің пәрменділігі ықпал етті. Сонымен қатар қандасымыз Айқын өзіне лайықты жұмысына да орналасты.
Қуат ӘУЕСБАЙ, халықаралық Túrkystan газетінің бас редакторы:
– АTAJURT жобасы негізінен Қазақстанға көшіп келген қандастарға арналғанымен бұл жобаның заңды жалғасы іспеті «Шетелдегі 100 жаңа есім» деген айдарымыз бар. Ондағы мақсат – шетелдегі қаншама қандасымыз бар өмір сүріп жатқан. Олардың түрлі саладағы жеткен жетістіктері отандағы отандастарымызға әлі де беймәлім қырлары жетерлік. Сондықтан олардың жетістіктерін қол жеткізген нәтижелерін елге жариялаып, паш етіп, сол білім-білігін елге арнаса деген ізгі ой болатын.
Газетте Моңғолиядан көшіп келген жалғызбасты ана Бақытгүл Ғибадатқызының туберкулез ауырының асқынған түрімен науқастанғаны, тұрмыстық жағдайының төмен екені және әлеуметтік жәрдемақы ала алмай жүргені газет бетіне жарияланған соң, тиісті орындарға хат жаздық. Қандасымыз Бақытгүл Ғибадатқызының мәселесі де оң шешімін тапты. Ол мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақыны алуға болатын анықтамасын алды. Сонымен қатар газетіміз бастап қоғамдық мәселе көтеруінің нәтижесінде кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен екі бөлмелі үйге ие болды. Осыдан кейін қандасымыз редакцияға арнайы алғыс айтты.
Мағауия САРБАСОВ, «Отандастар қоры» КеАҚ-ның вице-президенті:
– Осыған орай, осы көші қон саясатын іске асыруда, сырттағы ағайынды қолдау мақсатында осы атажұрт жобасы ары қарай жалғасын табады деген сенімдемін.
Қуат ӘУЕСБАЙ, халықаралық Túrkystan газетінің бас редакторы:
– АTAJURT жобасында тек қана проблема емес, шетелден көшіп келіп жатқан қандастардың ішінде қаншама таланты, дарынды қыз-жігіттер бар. Олардың еңбегін, олардың дарынын насихаттауды біздің газет өзіне мұрат тұтады.
Қандастар арасында шешімін таппаған мәселелер әлі де көп. Себебі көп жағдай қолданыстағы Көші-қон заңның кейбір солқылдақ тұстарына келіп тіреледі.
Кәрібай МҰСЫРМАН, Мәжіліс депутаты:
– Осы тарихи процесті барынша қолдау мақсатында қолданыстағы заң ұдайы жетілдіріліп келеді. бұл ретте ең алдымен қандастарымыздың еліміздің азаматтығын алуы жеңілдетілгенін айтқан жөн. Қазір олар бір жылдың ішінде Қазақстан азаматы ата алады.
Әйткенмен, ұлы көштің жолындағы ірі-ұсақты бөгесінің бәрі жойылды деуге әлі ерте. Мәселен тұрақты тіркеуді талап ету. Қандастарымыздың қазақтсан азаматын алуын қиындатып, әуре сарсаңға алып келе жатқан өзекті мәселе.
Қандастарымыздың осындай мұң-құқтажына алдағы уақытта Үкімет жіті көңіл бөліп, оларға көрсетілетін қолдауды күшейте түсуі қажет!
Қуат ӘУЕСБАЙ, халықаралық Túrkystan газетінің бас редакторы
– Бәрімізге мәлім, бәрмізге сүйкімді бір жақсы сөз бар. Сабыр Адай ағамыздың «әр қазақ менің жалғызым» деген. Біздің газетіміздің ұраны да сондай. Атажұртқа көшіп келіп жатқан, атажұрттан жырақ жүрген әрбір қандасымыз біздің жалғызымыз. Сондықтан олардың мәселесі, олардың проблемасы бізді де толғандырады. Газеттің әрбір журналисі өзінің қандасына келгенде осындай бір ізгі мақсатты көздейді деп айтуға болады.
Аталмыш жоба өз жұмысын бастағалы алыс-жуықтағы ағайынның алғысын да алып отыр. Өзінің қандастарын тарихи отанына шақырып отырған санаулы елдің бірі Қазақстан. Бұл көші қонға бағытталған мемлекеттік стратегиялық жоспар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз. Сол сияқты Атажұрт жобасы да алдағы жылдары жалғаса бермек. Ширек ғасыр тарихы бар басылым әр қашан қазақ көшімен бірге!
https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=jd43CsDtp3o&feature=emb_logo