Жаңалықтар

COVID-19: Иранда әр төрт минут сайын бір өлім тіркелуде

ашық дереккөзі

COVID-19: Иранда әр төрт минут сайын бір өлім тіркелуде

Иран билігі карантиндік шектеулерді 20 қарашаға дейін ұзартты. Ел астанасы Тегеранда мектептер, мешіттер, дүкендер мен мейрамханалардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Елдің бірқатар өңірінде қатерлі вирустың өршуі салдарынан аураханаларда орын тапшы. Дәрігерлердің айтуынша, ел аумағында әр төрт минут сайын осы індеттен бір адам көз жұмуда. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, ел тұрғындары карантин талаптарын орындамаса, күн сайынғы өлім-жітім саны 600-ге дейін жетуі ғажап емес. Өткен тәулікте Иранда 6 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Ал пандемия басталғалы елде індетке шалдыққандар саны 574 мыңнан асып жығылды. Вирустан көз жұмғандар саны 33 мыңға жуықтады. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 43,4 миллионнан астам коронавирус жұқтырды. Індет құрбандарының саны 1 158 882-ге жетті.