Карантин тәртібін бұзған елордалықтар 124 млн теңге айыппұл төледі

Карантин тәртібін бұзған елордалықтар 124 млн теңге айыппұл төледі

Карантин тәртібін бұзған елордалықтар 124 млн теңге айыппұл төледі
ашық дереккөзі
19-25 қазан аралығында елордада мобильді топтар карантин талаптарын бұзған 133 нысанды анықтады, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. "Карантин тәртібін сақтамаған шағын және орта бизнес субъектілері, қала тұрғындары 124 млн теңге айыппұл төледі. Қалада полиция қызметкерлері, СЭС өкілдері және волонтерлер кәсіпкерлер мен тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтауын тексеріп жүр", - делінген хабарламада. 19-25 қазан аралығында Алматы ауданын аралау кезінде 50 бұзушылық анықталды, Байқоңыр ауданында - 32, Есіл ауданында - 40, Сарыарқа ауданында - 51. Жиналған материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.