"Жертөлеге орналастырылған екен": Алмазбек Атамбаев аштық жариялады
"Жертөлеге орналастырылған екен": Алмазбек Атамбаев аштық жариялады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды. Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы бұрын өлім жазасына кесілген сотталушылар жатқан жертөлеге орналастырылған екен,- деп хабарлайды turkystan.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап.
"Бұл камераға бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады", - деді Замир Жоошев.
Еске салайық, Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Қырғызстан ҰҚК тергеу изоляторында болған. 6 қазанға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде ол босатылған. 9 қазанда Атамбаев Ала-Тоо алаңындағы митингіге қатысып, келесі күні тағы да ұсталған болатын.