Қырғызстанда зейнетақы өседі
Қырғызстанда зейнетақы өседі
1 қазаннан бастап Қырғызстанда зейнетақы көлемі өседі. Бұл туралы Әлеуметтік қор төрағасы Теңізбек Әбжапаров пен бірінші вице-премьер Мұхамедқали Әбілғазиевтің Қырғызстан президентімен кездесуінде сөз болды.
Әбілғазиевтің айтуынша, зейнетақы өскен соң оның орташа көлемі 5173 сом болады, яғни зейнетақы 10,2 пайызға өседі.
Президент мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін дұрыс атқару қажеттігін атап өтті. Бұған қоса президент зейнетақымен қамтамасыз ету жағдайы, сақтандыру жарнасының көлемі, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту тұжырымыдамасының орындалуы туралы естіді.
"Зейнеткерге қамқорлық - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі және зейнетақының көлемін жеткілікті деңгейге дейін өсіруге күш салу керекпіз", - деді Атамбаев.
2015 жылдың аяғында республикадағы зейнатақының орташа көлемі 4790 сом болған.