"Қатты қорқамын!" 80 жастағы қазақстандық қария өз сүйіктісін 65 жылдан кейін іздеп тапты

"Қатты қорқамын!" 80 жастағы қазақстандық қария өз сүйіктісін 65 жылдан кейін іздеп тапты

"Қатты қорқамын!" 80 жастағы қазақстандық қария өз сүйіктісін 65 жылдан кейін іздеп тапты
ашық дереккөзі

Қазақстандық зейнеткер өз сүйіктісімен 65 жылдан кейін кездесті. Романтикаға толы оқиға Кеңес Одағының тұсында басталған екен. Александр Крум сүйіктісі Ольга екеуі де Қазақ КСР кезінде танысқан. Бұл туралы turkystan.kz сайты Newsroom+ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар үш жыл кездесіп, кейін Оля басқа қалаға оқуға кетіп, Пермьге көшкен. Александр Ольганың күйеуге шыққанын естіген соң, Қостанай облысында қалған. Александр да шаңырақ көтерген. Алайда өз алғашқы махаббатын ойынан еш шығармаған. 65 жылдан кейін Александр Ольгаға қоңырау шалуға бел байлады. Өйткені, екеуінің де жұбайлапы о дүниелік болған еді. Қарым-қатынас қайтадан басталды.  Олар күн сайын сөйлесіп, қария Ресейге баруға шешім шығарған. Барғаннан кейін қиындықтарға тап болады. Ол көші-қон картасын дұрыс ресімдемеген. Оған айыппұл салынып, бес жылға департацияланған. Қария 80 жаста, ол депортация мерзімінің аяқталуын күтіп жүр. Өзінің Ольгасын енді ешқашан көрмеймін деп қорқады:
«Мен өз әйелімді Ольга сияқты қатты жақсы көрген емеспін. Көрмей қаламын ба деп қатты қорқамын!».