Бүгіннен бастап Алматы кинотеатрлары жұмыс істейді

Бүгіннен бастап Алматы кинотеатрлары жұмыс істейді

Бүгіннен бастап Алматы кинотеатрлары жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін қаладағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берді. «Алайда, залдың 30 пайызы ғана толуы тиіс. Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек. Нысандарда тепловизорлар, санитайзерлер болғаны шарт. Әлеуметтік қашықтық шарттары сақталып, ҚР Бас санитар дәрігерінің №58 қаулысының талаптары орындалуы тиіс», – деді Ж.Бекшин.