Алматыда Намазалы Омашұлының мерейтойына арналған халықаралық конференция өтеді

Алматыда Намазалы Омашұлының мерейтойына арналған халықаралық конференция өтеді

Алматыда Намазалы Омашұлының мерейтойына арналған халықаралық конференция өтеді
ашық дереккөзі
2020 жылғы 29 қазан сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда филология ғылымдарының докторы, профессор, Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашұлы Омашевтың 70 жасқа толуына арналған «Ұлттық журналистика: зерттеу және білім беру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. Конференцияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің бекітуімен «Өнегелі өмір» сериясы аясында жарық көрген Намазалы Омашұлы тұлғасына арналған кітаптың  тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге  ғалым еңбектерінің  көрмесі, фотокөрме ұйымдастырылады. Ғылыми шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар құрамы  қатысады.