Жаңалықтар

«Абай жолы» 23 жыл бұрын парсы тіліне аударылып, кейін ескерусіз қалған

ашық дереккөзі

«Абай жолы» 23 жыл бұрын парсы тіліне аударылып, кейін ескерусіз қалған

«Абай жолы» роман-эпопеясы 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің қолдауымен аударылған, – деп хабарлайды Рarstoday. Аталған БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, Иранда Сейіт Мұхаммед Хатами ел басқарған кезде (1997-2005жж) «Өркениеттер диалогы» (Dialogue Among Civilizations) атты саяси-дипломатиялық доктрина қабылданып, халықаралық қатынаста қолданыла бастады. Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы барлық салаларда қарқынды даму үстінде еді. Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі осы доктринаны негізге ала отырып, Қазақстанмен әдебиет саласындағы әріптестігін дамыту мақсатында осы ведомство қызметкері Назлы Асқарзаде ханымға Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын орыс тілінен парсы тіліне аударуға тапсырма берген.