"Әлеуметтік қолдау" айында қоларбалар берілді

"Әлеуметтік қолдау" айында қоларбалар берілді

"Әлеуметтік қолдау" айында қоларбалар берілді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы 25 игі ұйымдастыру шарасы аясында "Әлеуметтік қолдау" айлығы шеңберінде өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандар 100 пайыз қоларбамен қамтылды. Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-сі таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қоларбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлмеішілік және серуендеуге екі қоларбадан берілді. Айта кетейік, ОҚО-да 112 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер. Ал облыста бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр.