Жаңалықтар

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

ашық дереккөзі

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2020 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 10,9 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 68,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 2020 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (56,9%) ҚХР – дан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түркіменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% - басқа елдерден қоныс аударғандар. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-сұлтан (4,1%) және Шымкент (3,3%) қалаларына қоныстанған. 9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қандастар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құраған.