Жаңалықтар

Қорқынышты кадр: Алматыда кішкентай баланы көлік бар жылдамдықпен соғып кетті

ашық дереккөзі

Қорқынышты кадр: Алматыда кішкентай баланы көлік бар жылдамдықпен соғып кетті

Алматы қаласы Түрксіб ауданының Постышев көшесінде бес жасар баланы көлік қағып кетті. Зардап шеккен бүлдіршін балалар травматологиясына жеткізілді. Онда оның өмірі үшін дәрігерлер күресуде деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап. Полиция оқиғаның видеосын зерттеп жатыр. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бейнебақылау камераларындағы жазбада екі кішкентай баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Кенеттен бала жолға жүгіріп шыққан. Сол сәтте жүйіткіп келе жатқан Subaru көлігі оны қағып кетеді. Ал жүргізуші баланың жолға шығып кеткенін байқап үлгенрмегенін айтуда. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауыр жарақат алып, жедел жәрдем бригадасы ауруханаға әкетті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Алматы полициясы ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Видео мына сілтемеде >>>>>instagram.com