«Сабинаның жүрегін жаулап алу үшін...» – Қуат Хамитов сүйіктісінің есімін атады

«Сабинаның жүрегін жаулап алу үшін...» – Қуат Хамитов сүйіктісінің есімін атады

«Сабинаның жүрегін жаулап алу үшін...» – Қуат Хамитов сүйіктісінің есімін атады
ашық дереккөзі
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сүйіктісінің есімін атады. Спортшы бұл туралы «Еуразия» телеарнасындағы «Қызық LIVE» ойын-сауық бағдарламасының эфирінде хабарлады. Қуат Хамитов жеке өміріне қатысты біраз ақпаратпен бөлісті. «Менің ұнататын қызым бар. Бұған дейінгі қарым-қатынастарым бір айдан арыға бармайтын. Әйелімнің ұзын бойлы, әдепті және кішіпейіл, иманды болғанын қалаймын. Ол мені таниды, өзі де спортшы, волейболмен айналысады, оның аты – Сабина Алтынбекова. Бұрындарын сөйлескенбіз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін біраз жүгіретін шығармын», – деді Хамитов. Боксшы Алтынбекованы әйелі ретінде көргісі келетінін айтты. Волейболшы Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтың мұндай мәлімдемесіне түсініктеме берді. «Қуатты тік мінезі және адалдығы үшін үнемі құрметтеймін және құрметтеп өтемін. Оның барлық спорттық мақсаттарына жететініне күмәнім жоқ», - деді волейболшы.