Шымкент әуежайы аукционға шығарылды

Шымкент әуежайы аукционға шығарылды

Шымкент әуежайы аукционға шығарылды
ашық дереккөзі
Электрондық сауда алаңында Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеден астам сомаға аукционға шығарылды. Белгілі болғандай, әуежайдың бастапқы бағасы 5 234 000 000 теңге сомасында белгіленген. Кепілдік жарна – 785 100 000 теңге. Өтінім қабылдау биылғы 3 қарашаға дейін жалғасады. Сауда-саттық 3 қараша сағат 10:00-де басталады. Нысан сенімгерлік басқаруға беріледі. Тендерлік шарттарға тоқталсақ, сенімгерлік басқаруға берілетін мерзім ішінде нысанның қызмет бейінін сақтау қажет. Осы уақыт аралығында кем дегенде 6 млрд теңге инвестиция салынуы тиіс. Нысанды азаматтық авиация саласындағы заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін оның инфақұрылымына қаражат құю талабы қойылып отыр. Мұнымен қоса, 2021 жылдан бастап жыл сайынғы таза табысты 150 млн теңгеден кем емес мөлшерде ұлғайтумен шығынсыз қызметті қамтамасыз ету шарты қамтылған.