Жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы қаржы қайда жұмсалатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Зейнетақы қорындағы қаржы қайда жұмсалатыны белгілі болды

БЖЗҚ қаражатының қандай жобаларға жұмсалатынын ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов айтып берді. "Экспорт алды және экспорт қаржыландыруын ынталандыру үшін Ұлттық қордан 15 миллиард теңге қарастырылған. Осы қаражатты Мемкомиссияның 2016 жылдың 28 маусымда мақұлдаған механизм бойынша БЖЗҚ-ның 30 миллиард теңге көлеміндегі қаражатына қосу есебінен 372 миллиард теңге сомасына әлеуетті экспорт операцияларының тізімі жасалды. Бүгінге дейін 9 миллиард теңгеге 4 жоба мақұлданды ("Шымкентмай" ЖШС, "Масло-Дел" АҚ, "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС, "RG Brands" ЖШС), 21,9 миллиард теңге сомасындағы тағы 10 жоба қарастырылып жатыр", - деді ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары. Бүгінге дейін 2 миллиард теңге сомасына бір жоба ("RG Brands" ЖШС) қаржыландырылған, бұл соманың 0,6 миллиард теңгесі Ұлттық қордан бөлінген. Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның 45 миллиард теңге көлеміндегі қаражатын 2016 жылдың 1 қарашасына дейін игеру жоспарланып отыр. Құсайынов тұрғын үй құрылысының дамуына 251,2 миллиард теңгенің қарастырылғанын хабарлады. Бұл қаражат екі жыл ішінде игеріліп бітеді екен. "Бәйтерек" холдингі қарастырылған 174,2 миллиард теңгенің 141,9 миллиард теңгесін операторларға ("ҚИК" АҚ, "Бәйтерек Девелопмент" АҚ және ЖАО) аударды, оның ішінде 22,6 миллиард теңгеге әкімдіктің облигациялары сатып алынды. Мердігерлермен 83,6 миллиард теңгеге келісімшарттар жасалып, 22,6 миллиард теңге игеріліп қойды. 8,9 мың пәтер шаршысы немесе 148 пәтер пайдалануға берілді", - дейді Құсайынов.