Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитеттер құрылды

Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитеттер құрылды

Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитеттер құрылды
ашық дереккөзі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді. Бұдан бөлек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.