Жаңалықтар

Карантин: халықаралық рейстердің кестесі жасалды

ашық дереккөзі

Карантин: халықаралық рейстердің кестесі жасалды

26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-да жариялады. Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия – 33 жиілік, Оңтүстік Корея – 2 жиілік, Нидерланды – 2 жиілік, БАӘ – 16 жиілік, Беларусь – 4 жиілік, Германия – 4 жиілік, Украина – 1 жиілік, Өзбекстан – 2 жиілік, Мысыр – 2 жиілік, Қырғызстан – 2 жиілік, Ресей – 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады: Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai - аптасына 3 рет); Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет); Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана-аптасына 3 рет); Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет); Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа - аптасына 4 рет); Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана - аптасына 1 рет); Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines - аптасына 1 рет); Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет); Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет); Алматы-Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/Эйр Астана - аптасына 1 рет); Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет); Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Turkish Airlines - аптасына 3 рет); Атырау – Ыстамбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет); Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет); Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет); Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет); Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 2 рет); Алматы – Ташкент – Алматы (Эйр Астана – 1 жиілік, Uzbekistan Airways-1 жиілік); Алматы – Бішкек – Алматы (Эйр Астана - аптасына 2 рет); Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет).