Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді

Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді

Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді
ашық дереккөзі
Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясында қабылданды. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне ОСК төрағасының орынбасары Әбдіжапар Бекматов мәлімдеді. Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі тиістігін айтты. Қырғызстан заңына сәйкес, егер Парламент президенттің өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі. Осыған орай, сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу ұсынылды. «ОСК мүшелері ұсынысты қолдады», –деді Бекматов.