ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы депортацияланды

ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы депортацияланды

ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы депортацияланды
ашық дереккөзі
24 қазан күні Ақтау қаласының әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған Ұлыбритания азаматы депортацияланды. «Сондай-ақ, 24 қазан түнінде 9 рейспен 1158 адам ұшып келген. Соның ішінде 951 жолаушының ПТР-анықтамасы болған, Қазақстанның 207 азаматында анықтама болған жоқ. 4 рейс Нұр-Сұлтан қаласына (471 жолаушы, оның 385-інде анықтама болды, 86 адам анықтамасыз), 4 рейс Алматы қаласына (588 жолаушы, оның 472-сінде анықтама болды, 116 адам анықтамасыз) және 1 рейс Ақтау қаласына (99 жолаушы, оның 94-інде анықтама болды, 5 адам анықтамасыз) жасалды», – деп хабарланды ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында. Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантин стационарларына орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь, Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.