Жаңалықтар

Қостанай облысында қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

ашық дереккөзі

Қостанай облысында қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қостанай облысы аумағында демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлады Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.Нечитайлоның қаулысына сәйкес, 20 қазан сағат 00:00-ден бастап демалыс күндерге жекелей шектеулер енгізілді. Сол себепті 24-25 қазан күндері өңірде қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды. Сонымен қатар демалыс күндері ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды. «Демалыс күндері азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл шектеулер 20 қазан күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді», – делінген ведомство ақпаратында.