Жүргізушілер назарына: Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеме жасады

Жүргізушілер назарына: Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеме жасады

Жүргізушілер назарына: Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
ҚР Төтенше жағдай министрлігі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Өйткені күз мезгілінде жол-көлік оқиғалары жиілейді. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел болады. Сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», – делінген министрлік мәлімдемесінде. Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашын болған жағдайда жол бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы дөңгелектердің тежелу қабілеті нашарлап, жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. «Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал», – деп ескертті министрлік.