Судьялардың абырой-беделі мінсіз болуы тиіс – Мемлекет басшысы

Судьялардың абырой-беделі мінсіз болуы тиіс – Мемлекет басшысы

Судьялардың абырой-беделі мінсіз болуы тиіс – Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың абырой-беделі мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жария болуы тиіс екенін айтты.  «Кәсіби сот корпусы – бұл барлық сот реформаларының шешуші факторы. Соңғы жылдары судьяға, кандидаттарға талап артты, іріктеудің заманауи құралдары енгізілді. Мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар мен құқықтанушылар судьялық жұмыста тәжірибесі болмаса да судья бола алады. Меніңше, бұл жерде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов үлкен рөл атқарды», – деді Президент. Мемлекет басшысының пайымынша, сотқа экономика мен құқықтың күрделі мәселелерін еркін шеше алатын мамандарды тарту қажет. «Бұл – уақыт талабы. Оны Жолдауымда да айттым. Судьялардың абырой-беделі мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жария болуы тиіс. Дамыған елдердің көпшілігінде судьяларға қойылатын талаптардың жоғары болғаны соншалық, өткен өміріндегі болмашы жат қылығы лауазымға орналасуынан бас тартуға себеп болуы мүмкін. Мұндай тәжірибе Қазақстанда да қолданылуы тиіс деп есептеймін. Судья кадрлардың сапасына жауап беретін Жоғарғы сот кеңесіне судьяларды іріктеу және дайындау міндетін орындау жүктелген. Бұл сапалы орындалуы тиісті түбегейлі маңызды жұмыс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.