Жаңалықтар

Қазақстандықтар Боратты «Дикий Арманнан» бұрын тауып алды

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар Боратты «Дикий Арманнан» бұрын тауып алды

Әлеуметтік желіде қазақстандық вайнерлердің Боратты тауып алып, жазасын беріп жатқан видеолары тарап жатыр. «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевтің Боратты іздеп жатқан жазбасынан кейін әзіл араласқан видеолар түсіріле бастады. Естеріңізде болса, Дикий Арман бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеген болатын. «Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», — деп жазған еді ол.