«Жас Ұлан» ұйымымен бір күндік оффлайн өмір

«Жас Ұлан» ұйымымен бір күндік оффлайн өмір

«Жас Ұлан» ұйымымен бір күндік оффлайн өмір
ашық дереккөзі
Интернетке тәуелділік соңғы уақытта қоғамдағы күрмеулі мәселелердің бірі болып тұр. Тәуелділіктің бұл түріне ұшыраған адам барлық уақытын виртуалды әлемде өткізе отырып, шынайы өмірдегі қарым-қатынас, оқу, жұмыс мәселесі туралы ұмыта бастайды. Осыған байланысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі  2020 жылдың 17 қазанында «ReStart» жобасы аясында жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Оффлайн күн» республикалық акциясын өткізді. Аталған шараның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің бір күнді интернетсіз өмірге арнап, уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету және жастардың санасын пайдалы бағытқа қарай өзгерту болып табылады. Сонымен қатар, болашақ жастарымыздың бойына қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара республикамыздың әр өңірінде бір күнде өтіп, барлық қатысушылар шара соңына дейін ұялы телефондарынан, әлеуметтік желілерден бас тартып, бір күнді толығымен интернетсіз өмірге арнады. Акция аясында барлық қатысушылар тазалық күнін ұйымдастырып, табиғат аясында қызықты ойындар ойнап, жылыжайларда бақша дақылдарын егіп, әр түрлі суреттер салды және үй кинотеатрын ұйымдастыру секілді жұмыстармен айналысты. Сондай-ақ, шара барысында қарт адамдарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық жасалды. Бір күндік «Оффлайн күн» марафоны өте жоғары деңгейде өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Акция соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдіріп, айына бір рет осындай іс-шараларды өткізіп тұруды ұсынды. Соынмен қатар, барлық қатысушылар акциядан кейін жалғасатын «Оффлайн өмір» марафонына қатысуға ниет білдірді. Айта кетейік, 21 күнге созылатын «Оффлайн өмір» марафоны республикамыздың барлық аймағында өтеді. Акция аяқталғаннан кейін қатысушылар «Оффлайн өмір» марафонына қатыса алады. 21 күнге созылатын «Оффлайн өмір» марафонында еліміздің беделді тұлғалары қатысушыларға өздерінің арнайы тапсырмаларын береді және марафон соңында бағалы сыйлықтар табысталады. «Оффлайн күн» акциясы «Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау» тақырыбында «ReStart» жобасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында өткізіліп отыр.