Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтті
Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтті
2020 жылы 21 қазанда "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ мен "Отандастар қоры" КеАҚ бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайын өткізді.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетінің бөлім басшысы Феруз Беков, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстандағы қазақ-мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, сондай-ақ "Отандастар қоры" КеАҚ, Қазақстан мен Өзбекстанның қоғамдық, мәдени бірлестіктерінің өкілдері және басқалар қатысты.
Тұрысбеков өз сөзінде этникалық қазақтардың Өзбекстанда өмір сүруінің тарихи аспектісіне тоқталып, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды және мәдени-рухани байланыстарды нығайтуды ерекше атап өтті, сондай-ақ өзбек тарапына шетелдегі қандастарға қатысты қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.