Қызылордалық полицей бүтін бір отбасының өмірін құтқарды

Сондай-ақ!

Майк Тайсон мен Рой Джонс тең түсті. Екі боксшы да нәтижемен келіспейді

Лос-Анжелесте өткен аты аңызға айналған боксерлер Майк Тайсон мен Рой Джонстың арасындағы жекпе-жек жеңімпазы анықталған жоқ. Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон мен...

Хабиб Нұрмагомедов құрамында қазақстандық чемпион күресетін промоушнды сатып алды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Gorilla Fighting Championship (GFC)  промоушнын сатып алды. Бұл туралы ресейлік журналист әрі менеджер Азамат Бостанов айтты. Ал аталған...

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары оны жергілікті ауруханаға жеткізген. Жақындарының...

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша Қазақстанда жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі...

Қызылорда станциясының көлік полицейі бір отбасыны өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды  Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Күндізгі сағат 13:30 шамасында көрші үйден көмек сұраған әйелдің жанұшыра айқайлаған даусы естілді. Үйден шыға бере көрші үйдің өртеніп жатқанын көрдім. Іле-шала жалын лапылдап жатқан үйге қарай жүгірдім. Өртке оранған үйдің ішінде 1 жасар баланың қалып қойғанын естіп, үстіме суық су құйдым да, бірден үйдің ішіне кіріп кеттім. Төргі бөлмеден Айлин есімді кішкентай бір жасар қызды тауып алып, қауіпсіз жерге шығарып үлгердім»,- деп еске алады Қызылорда станциясының көлік полицейі Дархан Әбдікәрімов.

Оның айтуынша, бәрінен маңыздыcы – адам өмірі.

«Сол кезде үй иелерінің өрттен аман-сау қалғанына қатты қуандым», – дейді Дархан ақ жүрегіне ақтарыла. Өрт осы жылдың 16 қазанында Қызылорда қаласы Нұр-Орда шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде орын алған. Көмек сұраған осы үйдің Жайна есімді тұрғыны.

«Тілсіз жау жуынатын бөлмеден шықты. Анам екеуміз өртті өзіміз сөндіруге тырыстық. Алайда, өрт бізге бағынбай үйдің басқа бөлмелеріне қарай өршіді. Дәл сол кезде бойымды қорқыныш биледі. Менің айқайлап көмек сұраған даусымды Дархан есімді кісі бірінші естіп, бірден көмекке келді», – дейді Жайна.

Қызылордалық полицей бүтін бір отбасының өмірін құтқарды

Оның айтуынша, үй иелерін қауіпсіз жерге шығарған Дархан, түтін басқан үйдегі электр желілерін ажыратып, қауіптілігі бар, тез жанып, жарылып кететін заттарды подъезге шығарған. Көршілерден су тасып беруін сұрап, өртті сөндіруге әрекет жасаған.

«Дарханның полицей екенін білетінбіз. Осы әрекетінен-ақ қызметіне деген адалдығын көрдік. Осындай батылдыққа баратын полицейлеріміз көп болса екен», – деп алғысын білдірді Жайна Әбдіқалықова.

Дархан Есенгелдіұлы – Қызылорда станциясының Желілік полиция бөлінісіндегі штаб бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Қызылордалық полицей бүтін бір отбасының өмірін құтқарды

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДДҰ Еуропа халқын босаңсымауға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерін желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында босаңсымауға шақырды. «Еуропаның...
жекпе-жек

Майк Тайсон мен Рой Джонс тең түсті. Екі боксшы да нәтижемен келіспейді

Лос-Анжелесте өткен аты аңызға айналған боксерлер Майк Тайсон мен Рой Джонстың арасындағы...
Хабиб Нұрмагомедов

Хабиб Нұрмагомедов құрамында қазақстандық чемпион күресетін промоушнды сатып алды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Gorilla Fighting Championship (GFC)  промоушнын сатып...
ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер...
ауыр атлет

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...