Жаңалықтар

Президент: Солтүстікке көшкен қандастардың үй кезегі сақталуы керек

ашық дереккөзі

Президент: Солтүстікке көшкен қандастардың үй кезегі сақталуы керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу және атажұртқа оралған қандастар мәселесін де қозғады. «Қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртесебінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң, бұл мәртебесі жойылады, сонымен бірге үй алу құқығынан да бірден айырылады. Осыған орай азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақтауын қамтамасыз етуі керек», - деді Президент.  Сонымен қатар Президент шетелде туып-өскен қазақтардың барлығы тарихи отанын мақтан тұтатыны айтты. «Көптеген қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.