Төртінші күні – төрт медаль
Төртінші күні – төрт медаль
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні де артта қалып барады. Бұл күні еліміздің қоржынына үшінші қола медаль түсті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Осылайша, қазақ елі Олимпиаданың төрт күнінде төрт медаль еншіледі. Оның біреуі күміс, үшеуі қола медаль. Ал жалпы есепте әзірге 30-орында тұрмыз. Жалпы командалық есепте дәл қазіргі медальдар саны бойынша 7 алтын, 3 күміс, 6 қола еншілеген қытайлықтар көш бастап тұр. Екінші орында АҚШ спортшылары. Олардың еншісінде 6 алтын, 8 күміс, 8 қола медаль бар. Ал үздік үштікті 4 алтын 4 қола медальмен Австралия спортылары түйіндеді.
Енді Рио Олимпиадасындасының төртінші жарыс күнінде өнер көрсеткен қазақ сапортшыларына тоқталып өтсек.
Бүгін жарыс жолына дзюдодан қыздар арасында 63 келідегі Мариан Ордабаева шықты. Өкінішке қарай ол алғашқы айналымда қытайлық Ян Цзюньсяға есе жіберді.
Қазақстандық спортшылар алдын ала жарыстарда медальдар үшін сайыстан шығып қалды, бірақ та жұбаныш жарыстарында өнер көрсетуді жалғастырды.
Қазақстандық Светлана Германович Е/Ғ жартылай жұбаныш финалында 8:29:18 нәтижесімекн ұтты және енді Е финалындағы орын үшін күреседі.
Владислав Яковлев Е/Ғ жұбаныш жартылай финалында жекелей жарыстарда 11:45:22 уақытымен соңғы болып келді. Енді ол Ғ финалында өнер көрсетеді.
Үшінші кезекте суға жүзу спортынан Дмитрий Баландиннен үлкен үміт күткенбіз. Ол 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден 2:09:00 нәтиже көрсетіп, жартылай финалға өтті. Жерлесіміз іріктеу кезеңінде алтыншы орынға тұрақтады. Ал өз тобында үшінші келді. Ол сондай-ақ, бұған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға дейін жеткен болатын. Бірақ финалда жолы болмады. Енді ол жартылай финалдық жарысты Астана уақытымен 08:00-де бастайды.
Ал бүгінгі қазақстандық спортшылардаң соңғы болып жарыс алаңына шыққан 63 келідегі ауыр атлетіміз жоғарыда атап өткеніміздей, ел қоржынына төртінші медальді сыйлады.
Ол бүгін Ауыр қоссайыстың қорытындысы бойынша келіні 243 (111+132) көтеріп, Рио олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл салмақта қос сайыстың қорытындысы бойынша 262 келімен Дэнг Вэй әлемдік рекордты жаңартып, (115+147) Рио алтынын қанжығасына байлады. Екінші орын Солтүстік Корея өкілі Чу Хе Симге бұйырды 248 (105+143). Ал Горичева серпе көтеру жаттығуын 132 келімен аяқтап, қола жүлдегер атанды.
Серпе көтеруде жерлесіміз бірінші мүмкіндігінде 132 келіні бағындырса, екінші және үшінші мүмкіндігінде 137 келіні көтере алмады.
Ал осыған дейін алғашқы жаттығуда ол бірінші мүмкіндігінде 107 келіні бағындыра алмады. Ал екінші мүмкіндігінде тура осы салмақты қиналмай бағындырды. Үшінші мүмкіндігінде 111 келіге тапсырыс берді. Алайда, бұл салмақ зілтеміршімізге бағынбады.
Міне, осылайша бүгін Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілесе, кеше ауыр атлет Фархад Харки үшінші медальді ел қоржынына салды. Сондай-ақ, айта кетейік, жарыстың бірінші күні Маргарита Елисеева бесінші орынға, екінші күні Арли Чонтей төртінші орынға табан тіреген болатын.