Майкл Фелпс 21 дүркін олимпиада чемпионы

Майкл Фелпс 21 дүркін олимпиада чемпионы

Майкл Фелпс 21 дүркін олимпиада чемпионы
ашық дереккөзі
Америкалық жүзуші Майкл Фелпс 21-ші олимпиада алтынына қол жеткізді. Майкл Фелпс, Конор Дуайер, Фрэнсис Хаас және Райана Лохте құрамындағы АҚШ құрамасы еркін стильде 4х200 м эстафетасын 7.00,66 көрсеткішімен ұтып, алтынды жеңіп алды. Күмісті Ұлыбритания құрамасы (7.03,13) алды, ал қоланы Жапония еншіледі. Бірнеше сағат бұрын америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода Олимпиадада 200 метрлік қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде жеңіске жеткен. Финалда Фелпс қашықтықты бір минут 53,36 секундта еңсерді. «Күмісті» жапондық Масато Сакаи (1.53,40) алса, ал «қола» - венгриялық Тамаш Кендерешиге (1.53,62) бұйырды. Осылайша, Фелпс 20 дүркін олимпиада чемпионы атанған болатын. Айта кетейік, бұл Фелпстің Риодағы Ойындардан алған үшінші алтыны.