Көпбалалы отбасылар басты назарда
Көпбалалы отбасылар басты назарда
Қазір елімізде қайырымдылық шаралары көптеп өткізіліп жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Ұлан ауданының жастар ресурстық орталығының жастары үнемі қайырымдылық шараларының белортасында жүреді.
Жыл басынан бері қайырымдылық шарасы аясында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Бұл игі істі қолға алудағы басты мақсат – жастарға үлгі көрсетіп, үлкенді құрметтеу, сыйлау және оларға патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, адамдар арасында мейірімділікті ояту.
Бұл аудан жастарының өткізіп отырған алғашқы шарасы емес. Осыған дейін де көптеген қайырымдылық істерді қолға алған болатынбыз. Біз үшін ең маңыздысы – үлкен кісілердің батасы мен тұрмысы төмен отбасылардың алғысын алу. Егер біз бір отбасыға болса да, кішкене қуаныш сыйлай алсақ, ол – біз үшін жетістік. Әр ауылдағы ерікті жастар көпбалалы отбасыларға тегін бетперде таратып, азық-түлікпен көмек көрсетіп, үлкен сауапты іс жасады.
Мақсатымыз – қолдан келгенше көмекке зәру отбасыларына қолдау, көмек көрсету. Жастарға айтарым – жақсылық жасаудан жарысайық, қолымыздан келетін көмекті жасаудан тартынбайық. Мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетіп, сауапты іс жасай білейік.
Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ерхат САТЫЕВ,
Ұлан ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры