Босқын мәртебесін алған қандастар азаматтық алуға да құқылы

Сондай-ақ!

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Омбыда қазақ мәдениетінің апталығы өтіп жатыр

Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің апталығы өтіп жатыр. Апталық Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының, Омбы қазақтарының бастамасымен ұйымдастырылып, кең ауқымды бағдарламаға негізделіп, көптеген бағытты қамтыды. Іс-шараның алғашқы...

«Жақсы жаңалық!» Тексергендердің бәрінен коронавирус табылған жоқ

28 қараша күні Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келіп қонды. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау...

Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы 16 қазанда Ақмола облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі жанынан құрылған комиссия шешімімен босқын мәртебесін алды. Шыңжаңдағы қысымнан қашып, атажұртынан пана іздеп, шекара асқан қандастарымыз Қазақстаннан босқын мәртебесін алған алғашқы этникалық қазақтар атанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы 2019 жылғы қазан айының басында Шыңжаң өлкесі Дүрбілжің аймағынан шығып, шекарадан Қазақстанға қарай өткен. Әуелі Шығыс Қазақстан облысына, кейін Алматыға жеткен. Сол жылы 14 қазанда Алматыда ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында пана іздеп келгендерін, босқын мәртебесін сұрайтындарын мәлімдеген болатын.

Бірақ 2019 жылғы қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты екеуін шекарадан заңсыз түрде өткені үшін айыптап, бір жылға бас бостандығынан айырды. Кейін тергеу изоляторында отырған 1 күні 2 күн болып есептелуіне байланысты, қалған күндерін өтеп, 22 маусымда Семейдегі түрмеден бостандыққа шыққан. Кейін оларға «Пана іздеуші куәлігі» берілген еді.

Қандастары­мыздың адвокаты Ләззат Ахатоваға «Енді олардың азаматтық алуға мүмкіндігі бар ма?» деген көкейкесті сұрағымызды қойған едік.

«Қан­дастары­мыз­ға босқын мәртебесінің берілуі – мемлекеттік саясат, басқа ешкімнің де еңбегі емес. Онымен қоса, мемлекеттік органдардың өз қандастарына деген жанашырлығы деп бағалауға болады. Мұндай шешім қабылданатыны екеуі қамаудан босаған сәттен-ақ белгілі болатын.

Қастер мен Мұрагерге босқын мәртебесі бір жылға берілді. Осы уақыт ішінде азаматтық алуға талаптанатын боламыз, осы мақсаттағы жұмыстар басталып та кетті. Егер бір жыл жеткіліксіз болып жатса, босқын мәртебесін одан әрі созуға болады, жалпы азаматтық алуға толық мүмкіндіктері де, құқықтары да бар»,  –  дейді Ләззат Кендебайқызы.

Заңға жүгінсек…

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының «Босқындар туралы» Конвенциясына  қосылғандықтан, біздің Үкімет саяси қудалауға түскен шетелдік тұлғаларға босқын мәртебесін бере алады.

Сонымен қатар бізде 2009 жылдың 4 желтоқсандағы N 216-IV «Босқындар туралы Заң» да бар. 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енген.

Осы жерде «Көмек сұрап келген барлық қандастарымызға неге бірден босқын мәртебесі берілмейді?» деген заңды сұрақ туындайды. Заңға көз жүгіртелік.

«Босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам». Бұл – «Босқындар туралы Заңның» 1-бабы, 1-тармағы.

Заңға сәйкес, пана іздеген адам Қазақстан Республикасы­ның аумағына келісімен, бес күн ішінде немесе қудалауға ұшыраған кезден бастап, жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жүгіне алады.

Егер пана іздеген адам Қазақстан Республика­сының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе уәкілетті өкіл арқылы босқын мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгіне алады.

Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде уәкілетті органға жүгінуі тиіс.

2019 жылғы желтоқсандағы дерек бойынша, елімізде 523 босқын бар. Ал 2017 жылғы мәліметте Үкімет жалпы саны 700-ге жуық адамға саяси босқын мәртебесін бергені көрсетілген. Олардың 90 пайызы – Ауғанстаннан келгендер. Одан бөлек, Сирия, Сомали, Өзбекстан, Таяу Шығыс пен Мысырдан бас сауғалағандар да бар. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғарғы басқармасының Орталық Азия істері жөніндегі өкілі Эдуарда Ирезабалдің дерегі.

Ал Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2016-2017 жыл аралығында 88 адам босқын мәртебесін алған. Ауған, Сирия мен Украинадан жалпы саны 16 отбасы көшіп келген.

2016 жылы 70 адам – 13 отбасы және 15 жеке тұлға тіркелген. Оның 68-і – ауғандық. 1 адам Украинадан, 1 адам Сириядан келген, ал 2017 жылы 18 адам Ауғанстаннан ауып келген.

Ділда УӘЛИБЕК

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...