Жаңалықтар

Петропавл халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылады

ашық дереккөзі

Петропавл халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылады

Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа бірнеше айдан бері айлықсыз отырғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті Петропавловск.News.  Ал әкімдік өкілдері жұмысшылардың қаражаты кезең-кезеңмен төленіп, әуежайдың өзі мемлекет меншігіне қайтарылатынын мәлімдеп отыр. "Әуежай жақын арада банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", – делінген хабарламада. Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында әуежайдың ұшу-қону жолағы толығымен жаңартылып, жолаушылар терминалы да күрделі жөндеуден өткен болатын. Қайта құрылымдаудан кейін терминал сағатына 200 жолаушыны қабылдай алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, әкімдік Ресей мен Қытай және Еуроодақ елдерімен байланыс орнатып, шет мемлекеттермен жаңа әуе қатынастарын ашамыз деп уәде берген. Алайда, жоғарыда аталған жоспардың ешбірі де іске асқан жоқ. Қазіргі кезде Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды.