COVID-19: Германияның денсаулық сақтау министрі індет жұқтырды

COVID-19: Германияның денсаулық сақтау министрі індет жұқтырды

COVID-19: Германияның денсаулық сақтау министрі індет жұқтырды
ашық дереккөзі
Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан коронавирус жұқтырып, үй карантиніне жіберілді, деп хабарлайды РИА Новости.  Апта басында үкімет отырысына қатысқан денсаулық сақтау министрі әріптестеріне де індет жұқтыруы мүмкін. Алайда, жергілікті БАҚ Й.Шпанның гигиена ережелерін сақтап, маска таққанын алға тартып, өзге министрлердің оқшаулануы міндетті емес деп жазуда. Соңғы апталарда Германияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Роберт Кох институтының мәліметінше, соңғы тәулікте елде 7 595 адамнан індет анықталған. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Германияда 397 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Елде қатерлі вирустан 10 мыңға тарта адам көз жұмды. Ал әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 41 миллионнан асып жығылды. Індет құрбандарының саны 1 130 597-ге жетті.