COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 25 мыңға жуықтады

COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 25 мыңға жуықтады

COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 25 мыңға жуықтады
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте Ресейде коронавирустан 317 адам қайтыс болды. Бұл эпидемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Елдегі індеттің таралуын бақылау жөніндегі жедел штабтың дерегінше, соңғы 24 сағатта 15 700 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Індетке шалдыққандардың көбі ел астанасының, Санкт-Петербург пен Мәскеу облысының тұрғындары. Вирустың таралуын шектеу мақсатында Мәскеу облысында шектеу шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап қалада көрермендер қатысатын спорттық және өзге де жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Мұражайлар, театрлар мен көрмелер жабылды. Бұл шектеу 7 қарашаға дейін созылмақ. Бұдан бөлек, қоғамдық көлік жолаушыларына қойылатын талап та қатаңдатылды. Автобустарға маскамен кіру жеткіліксіз. Енді қоғамдық көліктерге мінген жолаушының дене қызуы өлшенеді. Пандемия басталғалы Ресейде 1 477 355 адамнан коронавирус анықталды. Індет құрбандарының саны 24 952-ге жетті.