Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Арман Сәбитов тағайындалды. Облыс активімен өткен жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа орынбасарының жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі. Арман Сәбитов 1984 жылы Шымкент қаласында туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор. Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, одан әрі Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған. 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің Мемлекеттік инспекторы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарып келген.