Елбасы партияны алдағы сайлауға жіті дайындады – А.Үкібай
Елбасы партияны алдағы сайлауға жіті дайындады – А.Үкібай
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс сайлауын өткізу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
«Сайлау – кез келген демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі. Өздеріңіз білетіндей, Nur Otan партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияны осы сайлауға жіті дайындады. «Біздің мақсатымыз – жеңіске жету және ұзақмерзімді саяси көшбасшылықты сақтау», - деген болатын Тұңғыш президентіміз өткен жылы партияның саяси кеңесі бюросының отырысында. Партияны қайта жаңғырту – праймериз өткізу туралы шешім де сол жиында жарияланған еді», – деді Айдос Үкібай.
Сондай-ақ, Елбасының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың праймериздің өту барысын мұқият бақылағанын, дауыс беруге қатысып, ең лайықты үміткерлерге таңдау жасағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.