Жаңалықтар

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауын өткізуге қанша қаржы жұмсалатыны айтылды

ашық дереккөзі

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауын өткізуге қанша қаржы жұмсалатыны айтылды

Алдағы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау компаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Парламент Мәжілісінің бұған дейінгі 2016 жылғы сайлау кампанияларымен және 2019 жылғы президент сайлауымен салыстырғанда алдағы кампаниядағы шығындар көбейетіндігін қоса кетті. "Бірінші кезекте, жоспарланған шығынның көбеюі – Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеу шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақының төмен көрсеткішін көтеру. Екіншіден, халық санының табиғи жолмен көбеюіне байланысты қайта құрылған 86 сайлау учаскесінің құрылуына шығындар көбейді. Оның құрамында комиссияның 600-ден аса мүшесі бар. Үшіншіден, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығындар бағасының инфляциясы. Кампания екі бюджет жылы аясында өтетінін атап өту керек. Сондықтан 2021 жылғы шығындар – 4,5 миллиард теңге "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасында көзделген және бұл сома барлық деңгейдегі сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады. Сонда жалпы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл бюджет қаржысын тиімді пайдалануда ұтымды шешім болып отыр. Себебі екі бөлек сайлау өткізгенде шығын 25 миллиард теңге болатын еді", деді ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина.