Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады
Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады
Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуына байланысты әуежайға баратын жол жабылады.
Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасын хабарлады.
«2020 жылдың 25 қазаннан бастап 2021 жылдың 1 маусымына дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі», - делінген хабарламада.