Жаңалықтар

Бәйге түрлерінен өткен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі қорытындыланды

ашық дереккөзі

Бәйге түрлерінен өткен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі қорытындыланды

Бәйге түрлерінен өткен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі қорытындыланып, елге танымал үздіктердің қатарына бүгін тағы біршама тұлпар іріктеліп қосылды.

Құнан бәйге бойынша жеңімпаздар тізімі (9 шақырым):

І – ОРЫН «Талхиз» атты Алматы облысынан келген 2жасар байтал. Бапкері – Нұрдәулет Ноқатай, шабандоз – Серікжан Жақсылық.

ІІ – ОРЫН «Бабур Амир». Алматы облысының намысын қорғаған 2 жасар ағылшындық жүйрік. Бапкері – Еділ Хусайынов, шабандоз – Нұрболат Сулетай.

ІІІ – ОРЫН «Заманай» атты Алматы қаласынан келген құнан. Бапкері – Ержан Ақтасов, шабандоз – Олжас Әбдіхамит.

Аламан бәйге бойынша жеңімпаздар тізімі (25 шақырым):

І – ОРЫН «Бақторы». Қарағанды облысының таза қанды 3 жасар айғыры. Бапкері – Болат Бөбекбаев, шабандоз – Мейірлан Нұрболатов.

ІІ – ОРЫН «Қасиет» атты Алматы облысынан келген 5 жасар байтал. Бапкері – Ерлан Тұрсынәліұлы, шабандоз – Нұрбек Абилайымов.

ІІІ – ОРЫН «Керіауыз» атты сәйгүлік. Ақмола облысының 4 жасар жүйрігі. Бапкері – Мақсат Тәукенов, шабандоз – Бақжан Айдаралы.

ІV – ОРЫН «Үшқоңыр». Алматы облысынан бәйгеге қосылған 5 жасар таза қанды айғыр. Бапкері – Болат Бөбекбаев, шабандоз – Сабыржан Байқұрман.

V – ОРЫН «Болашақ». Қарағанды облысы. 7 жасар айғыр. Бапкері – Жамбыл Бөбекбай, шабандоз – Нұрбай Нұрайыд.

VІ – ОРЫН «Көкойнақ» атты сәйгүлік. Алматы қаласының жүйрігі. Бапкері – Олжас Әбдіхамит, шабандоз – Ержан Ақтасов.

VІІ – ОРЫН «Асутор». Алматы облысы. Таза қанды 3жасар байтал. Бапкері – Нұрдәулет Ноқатай, шабандоз – Бекзат Ділдахан.

Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілген «Елбасы кубогі» Республикалық турнирін Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.