Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы келісімі жөнінде конференция өтті

Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы келісімі жөнінде конференция өтті

Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы келісімі жөнінде конференция өтті
ашық дереккөзі
Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 7-мәжілісінің хаттамасын орындау мақсатында, 2020 жыл 19 қазанда Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы туралы келісім жасасу жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының 5-мәжілісі бейнеконференция түрінде өткізілді. Мәжіліс Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов пен Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі А.Ариунзаяаның өзара құттықтау сөздерімен басталды. Б.Нұрымбетов осы Келісімнің екі елдің азаматтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. А.Ариунзаяа өз кезегінде Моңғолия азаматтарының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңарту, қарттарға базалық зейнетақы беру және көп деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшу саясаты әзірленіп, Моңғолия Парламентінің 2020 жылы күзгі сессияда талқылауға ұсынылатынын мәлімдеді. Тараптардың сарапшылары аталған құжаттың әрбір тармағы бойынша талқылау жүргізді, көптеген баптардың мәтінін өзара келісіп реттеді. Келесі онлайн түріндегі кездесуді биылғы желтоқсанның 1-жартысында өткізу жөніндегі уағдаласты.